Польшада салынған дуал заңсыз миграцияны тоқтата алмады

Былтыр Беларусь шекарасындағы миграциялық дағдарыстан кейін Польша билігі биік дуал салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзындығы 187 шақырым қоршаудың құрылысына 49 мың тонна құрыш кетіп, ол ең озық технологиямен жабдықталды. Алайда бұл Еуроодаққа өтуге тырысқан заңсыз мигранттар ағынын азайтқанымен, толық тоқтата алмады. Биыл шекарадан 6 мыңдай адам заңсыз өткен. 2021 жылы тамыз айынан желтоқсанға дейін 39 мыңнан аса осындай оқиға тіркелген. Былтырғыдан тағы бір айырмашылығы, мигранттардың көбі Ресейден келетін болды. Арасында Африка елдері және Куба тұрғындары көп. Олар студенттік виза алып, Беларусь пен Польша арасындағы шекараға аттанады екен.