Орман өрті туризмге қауіп төндіреді

Орман өрті туризмге қауіп төндіреді

Туризмге табиғат апаттары да қауіп төндіріп тұр. Әсіресе жиілеген орман өрттері саяхатшылардың демалысына кедергі келтіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда Түркияда өршіген орман өртінен Бодрум қаласы мен Испанияның Курортты аймағынан туристер эвакуацияланды. Қауіпті факторлардың арасында әуе компаниялардағы ереуілдер де жағдайды ушықтырып тұр. Қызметкерлер мардымсыз жалақыға наразылығын білдіріп жатыр. Әуежайлардағы маман тапшылығы да жағдайды қиындатты. Еуропаның бірнеше еліндегі наразылық акциялардан кейін рейстер кейінге шегеріле бастады. Енді жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек. Таяуда Ryanair компаниясының бортсеріктері бас көтергендіктен 10-нан астам рейс уақытылы ұша алмай қалды. Экипаж шілде айының соңына дейін әлі бірнеше рет ереуілге шығатынын айтады. Әуежайда қызметкерлердің жетіспеуінен жолаушылардың жүктері орта жолда жоғалып жатыр.

Жолаушы:

Біз Берлинге жол тарттық. Рейсіміз екі аптаға кейінге шегерілді деп естідік. Бұл ақылға қонымсыз. Бізді алдын-ала ешкім ескерткен жоқ. Жақын арада ұшпайтын сияқтымыз.

Фабрис Крике, әуежай қызметкері:

Әуежай қатынасы бір ізге қойылып, жолаушылардың саны күрт асып кетті. Алайда мамандарымыздың жолаушыларға қызмет көрсетуге шамасы келмей жатыр. Демалатын уақыт жоқ. Қазір әуежайларда дүрбелең басталды. Жалақы көтерілмесе, қызметкерлерді тарту қиынға соғады.

Жиналған проблемалаларға қарамастан Ryanair лоукостері билет құнын көтеретінін жариялады. Бұған әлем елдеріндегі энергия тасымалдау дағдарысы мен жанармай тапшылығы себеп. Компанияның мәліметінше билеттің орташа бағасы 50-60 еуроға қымбаттайды. Жуырда Delta Air Lines Inc компаниясы да тарифті 30 процентке өсіретінін жариялады.