Германия канцлері Олаф Щольц тұрғындарды қымбатшылыққа дайын болуға шақырды

Германия канцлері Олаф Щольц тұрғындарды қымбатшылыққа дайын болуға шақырды

Елде экономикалық дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін. Шольц бұл туралы  кәсіподақ өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пікірінше, Германия коронавирус пандемиясы салдарынан осындай қиындыққа тап болды. Сондай-ақ Украинадағы қарулы қақтығыс та ықпал еткен. Елде инфляция шарықтап, азық-түлік пен электр энергиясы қымбаттады. Үкімет дағдарысты еңсерудің әрекетін жасап жатыр.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Біз экономикалық дағдарыстың жақын арада бітпейтінін түсінуіміз керек. Үкімет, кәсіподақ өкілдері, Бундесбанк, ғылыми топтар мен өзге де қауымдастықтар бірлесіп, тығырықтан шығу жолдарын іздестіруді бастады. Алдағы апталарда дағдарысты еңсеру жоспарын дайындауға күш салатын боламыз.