НАТО-ның құрамы тағы толығатын болды

Финляндия мен Швецияның сыртқы істер министрлері НАТО-ға кіру туралы протоколға қол қойды. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді альянс құрамындағы 30 мемлекет аталған құжатты ратификациялаған соң екі ел НАТО-ның толыққанды мүшесі атанады. Естеріңізде болса, Хельсинки мен Стокгольм әскери одаққа мүше болу туралы өтінішті мамырдың ортасында жолдаған еді. Бастапқыда Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген болатын. Бірақ кейін тараптар ортақ келісімге келді.