Англияда шөп шабатын машиналар арасында чемпионат өтті

Англияның Хеддингтон елді мекенінде шөп шабатын машиналар арасында әлем чемпионаты өтті.

Жарыс бірнеше санат бойынша ұйымдастырылды. Яғни турнирге төрт түрлі шөп шабатын машиналар қатысты. Екі күнге созылған бұл бәйгеде әр санаттағы қатысушылар бас-аяғы 16 рет жарыс жолына түсіп, өзара мықтыны анықтады. Осы бір ерекше турнир өзінің бастауын 1973 жылдан алады.