Калифорния штатында орман өртенді

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сьерра-Невада тауында орман өртеніп жатыр.

Екі округтің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Тілсіз жаумен мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп, ондаған тікұшақ жұмылдырылған. Қазірге дейін қызыл жалын 13 шаршы шақырым жерге таралып үлгерген. Адамдар дін аман. Полиция өртке демалушылардың орман-тоғайдың арасында отшашуларды атуы себеп деп отыр.