Сауд Арабиясы мұнайды жеңілдікпен сата бастады

Ресей мұнайының арзандап кетуіне байланысты Сауд Арабиясы қара алтын құнын төмендетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайдың Arab Heavy мен Эйрэб Мидиэм деп аталатын түріне жеңілдік бар. Бұл туралы Блумберг хабарлады. Аталған агенттік сарапшыларының пікірінше, бағаның төмендеуі азия нарығындағы бәсекелестікті арттырады. ОПЕК елдері ішінде мұнай бағасын арзандатуға мәжбүр болған жалғыз Сауд Арабиясы ғана емес. Иран мен Венесуэла да осындай қадамға барды.