Түркияда қымбатшылық жайлады

Түркияда жылдық инфляция 78 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 1998 жылдан бері болмаған жағдай. Азық-түлік, жанармай және электр энергиясы қымбаттап жатыр. Түркия статистика институтының мәліметіне қарағанда, азық-түлік пен спиртсіз ішімдік құны соңғы бір жылда 94 процентке өскен. Ал жиһаз бен тұрмыстық техника 81 процентке көтерілген. Елдің ұлттық валютасы лира құнсызданды. Украинадағы ахуал жағдайды тіпті ушықтырып жіберген.

Қымбатшылықты сезіне бастадық. Қазір бір зат сатып алу үшін 4-5 рет ойланатын болдым. Баяғыда таңдаған затымды алып, қалаған жеріме баратын едім. Енді көп ақылдасатын болдым.

Инфлцияның шарықтауы менің кәсібіме кері әсерін тигізді. Биыл тауарымның 20 процентін сата алмайтын сияқтымын. Жанармай мен электр энергиясының қымбаттауынан бизнесім ақсап тұр.