Джонсонның басы тағы да дауға қалды

Лондонда жүздеген адам Премьер-министр резиденциясы жанында наразылық шеруіне шықты. Шараға қатысушылар Борис Джонсонның қызметінен кетуін талап етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықтың бұлайша көтерілуіне үкіметтегі жанжалға қарамастан Джонсонның қызметтен кетуден бас тартуы түрткі болған. Мәселе, Консервативтік партияның парламенттегі басты ұйымдастырушысының орынбасары лауазымына Крис Пинчерді тағайындаудан басталды. Бұған қаржы және денсаулық сақтау министрі наразылық танытып, қызметтерінен кетеді. Себебі 2017 жылы Пинчердің оғаш қылықтарына қарсы парламентте тергеу жүргізілген. Ал Джонсон болса, бұл істі білсе де Пинчерге маңызды лауазым ұсынған. Бұл үкімет мүшелерінің көбінің наразылығын туғызып, қазірге дейін 30-ға жуық шенеуінік өз еркімен отставкаға кетті. Бірақ Джонсон қызметінен кетуден бас тартып отыр.