Лондон Шотландияның өтінішін кері қайтарды

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Шотландияның тәуелсіздік туралы референдум өткізу өтінішін кері қайтарды. Ол бұл жайлы аймақтың бірінші министрі Никола Стердженге жолдаған хатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джонсон мәселе 2014 шешілгенін және қазір оны қайта көтеретін кез емес екенін айтқан.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Шотландия Ұлыбритания құрамынан шығуды рефрендумда дауысқа салып, оған қарсылар басым түскен еді. Бірақ аймақ басшысы Никола Стердежен Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққаннан кейін жағдай өзгергенін алға тартып, тағы бір рет референдум өткізуді ұсынып отыр.