ЕО Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға тапсырғысы келеді

Украинадағы қиян-кескі шайқастың аяқталуын күтпей-ақ елді қалпына келтіру жұмысына кірісуіміз керек. Осылай деген Еурокомиссия президенті енді Үлкен жетілікке мүше мемлекеттермен конференция өткізетінін айтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті бұғатталған ресейлік активтерді Украина қазынасына беру керек деген ұсынысын да айтты. Жалпы осыған шейін Еуроодақ ресейлік бизнесмендердің 10 миллиард еуроға бағаланған активтерін бұғаттап тастады. Бұл қатарда Ресей Орталық банкінің 23 миллиард еуросы да бар.

Урсула Фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Еурокомиссия Украина елін қалпына келтіру үшін оған Ресейдің және ресейлік олигархтардың бұғатталған активтерін тапсыруды әділ деп санайды және мұның құқықтық негізін дайындап жатыр. Елді қалпына келтіру үшін зор күш қажет.