БАҚ: Борис Джонсон премьер-министр қызметінен кетпек

Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетуі мүмкін.

Премьердің отставкасы туралы мәліметті ITV телеарнасының тілшісі Пол Брэнд хабарлады.

The Guardian таратқан ақпаратқа сәйкес, Джонсон консервативтік партияға жаңа көшбасшы сайланғанға дейін, яғни күзге дейін өз қызметін атқара беруге ниетті.