Грекияда туризм саласына қайта қан жүгіре бастады

Елге демалуға келген саяхатшылар қатары күннен күнге артып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның арқасында биыл бұл сектор ел экономикасына шамамен 14,5 млрд еуро табыс әкеледі. Бұл індетке дейінгі көрсеткіштің 80 пайызы. Билік өкілдерінің айтуынша, саяхат саласы алдағы жылдары дами түседі. Бірақ әлемдегі геосаяси ахуал мен экономикалық дағдарыстардың туризміне теріс әсері бар. Украинадағы соғыс пен экономикалық дағдарыс Грекияда қуат көздерінің қымбаттауы мен инфляцияға әкелген.