Ресейде қамауға алынған америкалық баскетболшы Грайнер сотта кінәсін мойындады

Ресейде қамауға алынған америкалық баскетболшы Грайнер сотта кінәсін мойындады

Ресейде қамауға алынған танымал америкалық баскетболшы Бриттни Грайнер есірткі сақтағанын растап, кінасын мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу облысыың Химки қалалық сотында іске қатысты екінші отырыс өтті. Аталған бап бойынша 31 жастағы спортшы қыз 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бриттни Грайнер ақпанда Мәскеу әуежайында кеден тексерісі кезінде ұсталған. Кеденшілер жүгінен Ресейде тыйым салынған наша майы бар вейп құтыны тапқан. Оқиғадан кейін АҚШ мемлекеттік департаменті мен көптеген америкалық жұлдыздар Кремльді Грайнерді босатуға шақырған.