Грекияда туризм саласы қымбатшылықтан тұралап тұр

Елде екі жыл бойы тұралап қалған туризм қайта жанданғанмен саланың алға басуына елдегі қымбатшылық кедергі келтіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір инфляция 10 процентке дейін жеткен. Бұндай көрсеткіш соңғы рет тоқсаныншы жылдары тіркелген. Жалпы соңғы 15 жыл бойы Грекия қаржы дағдарысынан көз ашпай келеді. Әлемде ушыққан геосаяси жағдай Грекия экономикасына жығылғанға жұдырық болды. Салдарынан энергия ресурстары қымбаттап, жұмыс күшінің жетіспеуі жағдайды қиындатып жіберді.