Азық-түліктің қымбаттауы аштыққа ұшыратады – БҰҰ

Дүние жүзінде азық-түлік пен тыңайтқыш бағасының қымбаттауынан кей аймақты ашаршылық жайлауы мүмкін.

2023 жылы жағдай тіпті нашарлап кетеді деген қауіп бар.

«Үлкен жиырмалық» елдері Сыртқы істер министрлерінің саммитіне үндеу жолдаған Біріккен Ұлттары ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деді.

Ұйым басшысының айтуынша, күріш секілді негізгі ауылшаруашылық өнімдерінің тапшылығы туып, салдары миллиардтаған адамға тиеді. Жуырда Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы азық-түлік бағасының өсуі табысы төмен мемлекеттерді тығырыққа тірейтінін айтқан еді.