Құлағы жарты метр лақ

Пәкістанда құлақтары ұзын лақ әлеуметтік желі жұлдызына айналды. Аты Симба.

Бір ай бұрын туғанда жануардың құлақтарының ұзындығы 46 сантиметр болатын. Қазір жарты метрден асады. Симба жергілікті телеарналардың жұлдызына айналған. Иесіне Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейннен лақты сатып алу туралы түрлі ұсыныстар түскен. Алайда ол Симбаны ешкімге бермей, болашақта құлағы ұзын ерекше тұқым өсіруге ниетті.

Сондай-ақ...