Илон Маск ойынан айнып қалды

«Тесла» және «Спейс Икс» компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Твиттерді сатып алу жөніндегі келісім-шартты тоқтатты.

Мәміле құны 44 миллиард доллар болатын. Американдық кәсіпкер әлеуметтік желі қолданушыларының арасында жалған аккаунттардың үлесі 5 проценттен аспайтынына көз жеткізгісі келген. Талай мәрте сауал жолдағанымен тиісті ақпаратты ала алмаған. Енді компания өкілдері Илон Маскты сотқа беретіндерін айтады. Американдық кәсіпкер келісім-шартты бұзғаны үшін 1 миллиард доллар төлеуі мүмкін. Соңғы жаңалыққа байланысты Твиттер акциялары 6 процентке құлдыраған.