Борис Джонсонның орнын кім басады?

Ұлыбританияда премьер-министр қызметіне басты үміткер ретінде қарастырылған қорғаныс министрі өзінің кандидатурасын ұсынбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бен Уоллес мұндай шешім қабылдау оңай болмағанын айтады. Негізі Борис Джонсон 7 шілдеде өзінің отставкаға кететінін жариялаған. Оған партия өкілі Крис Пинчерге қатысты жанжал түрткі болды. Джонсон 2017 жылы саясаткерге қарсы партия ішінде тергеу жүргізілгеніне қарамастан жаңа қызмет ұсынған. Үкімет басшысының бұл әрекетіне наразы болған 30-дан астам министр мен шенеунік қызметінен бас тартып, Джонсонның отставкаға кетуін талап еткен еді. Енді премьер-министрді сайлау қыркүйекке дейін өтуі тиіс. Дауыс беру екі кезеңде ұйымдастырылады.