Еуропадағы аптап ыстық энергетикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін

Еуропада ұзаққа созылған аптап ыстық салдарынан энергетикалық дағдарыс туындауы мүмкін. Бұл туралы Блумберг агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жазда Кәрі Құрлықтың бірнеше елін құрғақшылық жайлады. Өйткені күн ыстық. Мәселен, Испанияда, Франция мен Португалияда алдағы уақытта ауа температурасы 45 градусқа дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Жұрт кондиционерді көп қолданып, осыған байланысты электр энергиясын тұтыну мөлшері артқан.