Украинаның Донецк облысында тұрғын үйге зымыран түсті

Украинаның Донецк облысындағы Часов Яр қаласына жасалған әуе шабуылынан кемінде 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20-дан астам тұрғын үйінділер астында қалған. Олардың арасында бала да болуы мүмкін. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша Ресейдің «Ураган»  зымыраны 5 қабатты тұрғын үйге түскен. Жойқын жарылыс үйдің екі кіреберісін тас талқан етті. Қазір оқиға орнында құтқару іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қирандылар астынан тірі қалған 5 адамды аман алып қалды. Украина билігі шабуылды кезекті теракт деп бағаласа, Ресей тарапы тағылған айыптарды мойындамады.