Жапония бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэмен қоштасады

Жапония бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэмен қоштасады

Кісі қолынан қаза тапқан Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэнің денесі Токионың Дзодзёдзи ғибадатханасына жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күншығыс елінің халқы премьерді ақтық сапарға осы жерден шығарып салмақшы. Жерлеу рәсімі сейсенбі күні, яғни ертең өтеді. Рәсімге тек ет жақындары ғана қатысады. Жұма күні Нара қаласының тұрғындарымен сайлауалды науқан аясындағы кездесу кезінде Шинзо Абеге оқ атылған еді. Көп ұзамай қастандық жасаған жапон азаматы тұтқындалды. Ал аймақтағы полиция басқармасы Абэенің қауіпсіздігін қамтуда өрескел қатеге бой алдырғанын мойындады.

Айта кетейік, марқұм Синдзо Абэ жапон халқына ең ұзақ қызмет еткен саясаткер болатын.