Үш елде маска тағу тәртібі қайта енгізілді

Үш елде маска тағу тәртібі қайта енгізілді

Коронавирус қайта қарқын ала бастады. Кейінгі бір аптада әлемде 5 миллион 800 мың адам індет жұқтырған. Бұл оның алдындағы бір аптамен салыстырғанда, бір миллионға көп. Ең көп оқиға Еуропада тіркеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты шектеу шаралары қайта енгізіле ме деген әңгіме жиі айтыла бастады. Әлемнің 3 елінде маска тағу талабы қайта күшіне енді. Қазір вирус жұқтырып жатқандар Еуропада көп. Франция, Германия мен Италияда тәуліктік өсім 100 мыңнан асып кеткен. Мәселен, Германияда бір ай бұрын бір күнде вирус анықталған адамдардың саны 2 мыңнан аспайтын. Қазір бұл көрсеткіш 130-140 мыңға жуықтайды. Сарапшылар оған коронавирустың тез жұғатын омикрон штамының жаңа түрлерінің тарауы себеп дейді. Сондай-ақ қазір тестілеу бұрынғыдай емес, аз жүргізілетінін айтады. Кәрі Құрлықта алғақшы болып Кипр билігі маска тағу тәртібін қайта енгізді. Одан бөлек тиісті талап Катар мен Пәкістанда да қайтадан күшіне енді.

Коронавирус жұқтыру деректері қайтадан артып барады. Сондықтан мен екпенің бустерлік дозасын салдыруға келдім. Қайда барсақ та, маскамызды шешпей жүруге тырысамыз."

Адамдар сақтық туралы ұмытып кетті. Базарда кісі толып жүр. Әлеуметтік қашықтық деген жоқ. Жұрт маска тақпайды. Оны пысқырып жатқан дүкен иелері де жоқ. Енді мұндай жағдайда ауру деңгейі артпағанда қайтеді?."