Латвияда жынысына қарамастан барлығы бірдей әскерге шақырылуы мүмкін

Латвия президенті елдің қорғаныс саласына кететін шығынды ұлғайтып, әскери қызметті міндеттеу керек деген ұсыныс білдірді.

Ұсынысқа сәйкес, 2025 жылға дейін қорғанысқа кететін бюджет елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 процентіне жетеді. Қазір бұл 2 процент. Жоспарда НАТО әскерін орналастыратын жаңа әскери базалар салу көзделіп отыр. Сонымен қатар,президент Эгилс Левитс «әскери міндет ел азаматтарының жынысына байланысты болмау керек» дегенді алға тартты. Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша 2028 жылдан бастап әскерге бару міндеттеледі. Құжат парламентте талқыланады.