АҚШ-та ересектерге ковидке қарсы екінші доза егіледі

АҚШ-та әрбір ересек азамат коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші бустерлік дозасын ала алады.

Бұны Си-Эн-Эн ақпарат агенттігі Ақ үйге сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мәселен, соңғы кездері аймақта омикрон штамының BA.4 ((би эй 4)) пен BA.5 ((би эй 5)) түрлері кең етек жая бастады. Ал адамның бұл инфекцияны екі рет жұқтыру қаупі жоғары дейді мамандар. Зерттеулерге қарағанда індет адам имунитетін әлсіретіп жіберуі мүмкін. Бүгінде тіркелген науқастардың 70 проценті вирустың осы түрлеріне шалдыққан екен. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін тек созылмалы ауруы бар 50-ден асқан американдық тұрғын ревакцинация жасай алатын.