Грузияда астық экспортына тыйым салынды

Импортқа тәуелді Грузия бидаймен қамдануды шешті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусым айында үкімет ел аумағында өсірілетін кейбір дақылдарды экспортқа шығаруға тыйым салды.

Айта кету керек, Грузияда астық өседі, алайда ол ішкі сұраныстың тек 20 процентін қамтиды. Қазір билік импортты ауыстыру жолдарын іздестіріп жатыр. Бірақ жер қыртысы мен ауа райының салдарынан жердің тек 35 проценті ғана егін егуге жарамды. Грузия азық-түлік дағдарысына алаңдап отыр. Өйткені ел аумағының 70 процентін орман мен жайылым алып жатыр. Тек 15 проценті жер егінге жарамды Сондықтан бұл ел импортқа тәуелді. Бұрын оған ешкім бас қатырмаса, қазір керісінше билік ерте қамданып, түрлі жолдар қарастырып жатыр. Соның басты шарты ретінде ел үкіметі бидай мен арпаны экспортқа шығаруға тыйым салды.

Отар Шамугия, Грузия қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылық министрі:

Елімізде бидайға қатысты мәселелер бар, өндіретініміз тұтынатын мөлшердің 20 процентіне жетпейді. Импортқа өте тәуелдіміз. Сондықтан Үкімет шілденің төртінен бастап экспортқа тыйым салып отыр. Қазір егін орағы, оның түгелі ел ішінде қалады. Арпаны сыртқа сатуға да болмайды. 

Соңғы жарты жылда 900 мың доллардың өнімін экспорттаған. Грузия арпаны негізінен Иран мен Иракқа сатады. Ал енді осы тыйымның кесірінен фермерлер шығынға ұшырауы мүмкін, өйткені ішкі нарықта астық бағасы арзандайтын түрі бар. Қазір шаруашылықтар үкіметпен арпаның кесімді бағасын белгілеуге тырысып бағуда.

Рати Кочламазашвили, Грузия фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Елдегі жердің түгелі тіркелген жоқ. Оның көбісі мемлекет меншігінде. Бәлкім әлдебіреулер оны пайдаланып жүр, бірақ үкіметте бұл жөнінде дерек жоқ. Біздің міндетіміз егін егуге барынша көп жерді дайындау және оны экономикаға қосу болып тұр.   

Фермерлер егіс ауданы артса да, бүкіл халықты жергілдікті бидай мен жүгерімен қамту мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Ал басты импортері Ресейден тәуелділігі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Грузия қамдануға кірісіп, жаңа импортерлерді іздестіре бастады.  

Авторы: Юлия Тужилкина