«Джеймс Уэбб» телескопы арқылы ғаламның таңғажайып көріністері түсірілді

НАСА «Джеймс Уэбб» телескопымен түсірілген 5 ғарыш суретінің алғашқысын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ғарыштың телескопқа түскен ең айқын бейнелері. Онда шоғырланған галактикалар, газ бен ғарыш шаңы бұлттарының екі бірдей тұманды көрінісі бейнеленген. НАСА бірегей суреттерді апта сайын жариялауды жоспарлап отыр. Ал ғалымдар соңғы үлгідегі телескоптың әлеуетіне әлден-ақ оң баға берген.

Айта кетейік, «Джеймс Уэбб» ғарышты түсіруге арналған телескоптардың ішіндегі ең алыбы әрі ең мықтысы. Ғалымдар оны 20 жыл бойы құрастырып, осыдан екі жыл бұрын ғарыш кеңістігіне жіберген еді.

Рене Дуон, жобаның бас зерттеушісі:

– Ғалым ретінде де, инженер ретінде де, адам ретінде де суреттен көргендерім мені қатты тебірентті. «Уэбб» мыңдаған галактиканың, оның ішіндегі инфрақызыл түсте көрінетін ең ұсақтарының бейнесін анық етіп түсірген.

Николь Колон, ғалым:

Жалпы жеті экзопланета бар. Онда су болуы мүмкін. Уэбб бұдан былай әрқайсысын жіті бақыламақ. Мақсат осы планеталарда атмосфераның бар-жоғын анықтау. Осы бағыттағы алғашқы қадамымызды жасадық деп ойлаймын.