Twitter Илон Маскты сотқа берді

«Твиттер» Илон Масктің үстінен сотқа шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылай миллиардерді компанияны тездетіп сатып алуға мәжбүрлемек. Бұған дейін Илон Маск әлеуметтік желі компаниясын сатып алу жөнінде шешім қабылдаған еді. Алайда өткен жұма күні ол 44 миллиард доллардың келісімінен бас тартатынын айтып, Twitter-ге ресми хат жолдаған. Масктің заңгері хабарлағандай, компания келісімнің шарттарын орындамады.

Атап айтқанда, платформадағы спам мен боттарға қатысты Маск сұратқан мәліметтерді жасырып қалған. Ал «Твиттердің» заңгерлері бұл айыптың жалған екенін айтып, сейсенбіде сотқа арыз жолдады. Арызда «Илон Масктің өзі келісімнің шартын бұзды» делінген. Әзірге Маск бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бар болғаны «Твиттердегі» парақшасында мысқылдап қысқа хабарлама қалдырған.