Португалияда ыстықтан орман өрті жиіледі

Португалияда ыстықтан орман өрті жиіледі

Португалияда аптап ыстықтан орталық бөліктегі орманды алқап өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалынға байланысты апат аймағынан жүздеген адам эвакуацияланды. Өрттен ірі тас жолдар жабылған. Аномальді ауа райына байланысты елдің көп аумағында қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Синоптиктер «алдағы тәуліктерде күн қазіргіден бетер ысуы мүмкін» деп отыр

Мен бұл жерде 50 жылдан бері тұрып келем. Бірақ мұндай орман өртін алғаш көруім. Жалын тез тарап жатыр.