Қытайда Күнді зерттейтін жер серігі ұшырылады

Қытай Күнді зерттейтін алғашқы жерсерігін ұшыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салмағы 888 келі болатын аппарат қазан айында елдің солтүстік-батысындағы ғарыш айлағынан аттандырылмақ. Зонд жерден 720 шақырым биіктікте жұмыс істеп, күннің магнит өрісі мен өзге де құбылыстарды бақылаумен айналысады. Ресми өкілдердің айтуынша, ғарыш аппаратының жұмысы 4 жылға жоспарланған.