Шри-Ланка президенті елден қашып кетті

Шри-Ланка президенті елден қашып кетті

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса жаппай толқуларға байланысты Мальдив аралдарына қашып кетті. Ақпарға қарағанда 73 жастағы мемлекет басшысы әйелі және қауіпсіздік қызметінің 2 өкілімен әскери ұшаққа мініп кетіп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Готабая Раджапакса билік басына 2019 жылы келген еді. Алайда пандемиядан кейін елді экономикалық дағдарыс жайлап, азық-түлік пен жанармай тапшылығы пайда болды. Салдарынан мамыр айынан бері жаппай наразылық шерулері басталып, шілденің 9-ында ашынған халық президент резиденциясын басып кірген еді. Ал Раджапакса белгісіз бағытқа бас сауғалап, соңынан парламент спикері арқылы өзінің шілденің 13-і қызметінен кететінін хабарлаған.