Үндістанда елді мекендер суда қалды

Үндістанның батысында толассыз жауған жаңбырдан өзендер тасып, елді мекендер суда қалды. Су деңгейі кей жерлерде 2 метрге дейін жетеді. Пуна қаласында тасқыннан кәріз жүйесі істен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал ауа райын болжаушылар жаңбыр тағы 1-2 күнге жалғасатынын ескертіп отыр.

Менің бұл жерде тұрғаныма жарты ғасыр болды. Жалпы жауын-шашын жиі болатын аймақ. Бірақ дәл мынадай алапат су тасқынын көрмеппін. Үйлеріміз су астында қалды. Не істейтінімізді білмей отырмын.