Португалияда өрт дес бермей тұр

Португалияда өрт дес бермей тұр

Португалияның оңтүстігіндегі туристер көп баратын Алгарве аймағында орман өрті дес бермей тұр,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 20-ға жуық өрт ошағы тіркелген. Табиғат апатынан жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 100-ден аса адам жарақат алған. Өртке күннің қатты ысуы себеп. Өткен аптадан бері кей жерлерде сынап бағанасы 45 градусқа жеткен. Тілсіз жаумен мыңдаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бірақ мамандар желдің көп кедергі болып тұрғанын айтады.

Басында өрт оңтүстікке тауға қарай тарап бара жатқан. Бірақ жел көтеріліп бері қарай жайылды. Оның тез тарағаны соншалық біз тұрған мекенге лезде жетті.

Хорватияның Адриатика теңізі жағалауы жағындағы орман да отқа оранып, жалын кей шаһарлардың шетіне жақындаған. Мұнда да өрт аптап ыстықтан шыққан. Лаулаған жалынды сөндіруге ұшақтар қолданылып жатыр. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.