Ұлыбританияда үкімет басшысын таңдау жүріп жатыр

Ұлыбританияда Премьер-министр лауазымына үміткерлер саны азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше бұрынғы сыртқы істер министрі Джере-ми Хант пен Қаржы министрі Надим Захави додадан шығып қалды. Бүгін Сайлаудың екінші туры өтеді. Ал 21 шілдеде парламент демалысқа шыққанға дейін басты 2 үміткер анықталуы керек. Қыркүйектің 5-і күні жаңа Премьердің есімі жарияланады.