Ивана Трамп қайтыс болды

Дональд Трамптың бірінші әйелі Ивана Трамп 73 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы Президенті әлеуметтік парақшасында хабарлады. Үш баласының анасы, Ивана Трамп әйгілі кәсіпкердің ісін жүргізуге, атап айтқанда, корпорация ғимараттарының құрылысына белсенді араласқан.

1980 жылдары ерлі-зайыпты Нью-Йорктің ең беделді жұбы саналатын. 1992 жылы олардың дауға толы ажырасуы дүйім жұртты дүрліктірген. Дегенмен, кейінгі жылдары Дональд Трамп бәйбішесімен татуласқан көрінеді. Иванадан туған кіші Дональд Трамп, Иванка және Эрик әкелерінің президенттік сайлауына белсене араласқан.

Сондай-ақ...