Португалияда орманды алқапты жалын шарпып жатыр

 Тілсіз жау шамамен 10 мың гектар жерге жайылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, айтып келмес апаттан осы уақытқа дейін 135 адамды күйік шалыпты. Бұлайша ушығып кетуіне байланысты ел үкіметі жуырда төтенше жағдай режимін жексенбіге дейін ұзартты.

Айта кетейін, Португалияда орнаған аптап ыстық кесірінен әзірге тілсіз жауды тұзақтау мүмкін болмай отыр.