Африкада жануарлардан жұғатын ауру көбейді

Кейінгі 10 жылда Африкада жануарлардан адамға жұғатын ауру саны 63 процентке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Мамандар бұған урбанизация қарқыны себеп дейді. Салдарынан жануарлардың тіршілік ету мекені азайған. Құрлықта халық санының көбеюіне байланысты ет, жұмыртқа мен сүтке деген сұраныс та артып барады. Кейінгі 20 жылда Африкада қоғамдық денсаулық сақтау саласында 1843 рет төтенше жағдай тіркеліпті. Соның 30 проценті жануарлардан жұққан ауру болған екен.