Израиль Газадағы «Хамас» нысандарына соққы жасады

Израиль әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС ұйымының нысандарын бомбалады. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, әскери ұшақтар ХАМАС-тың зымырандар жасап шығаратын зауытына соққы жасаған. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Бұл операция ұйымның әрекетіне қарымта жауап ретінде жүзеге асырылған болуы мүмкін. Бұған дейін Израильдің оңтүстігі зымыранмен атқыланған еді.

Сондай-ақ...