Байден Сауд Арабиясымен қатынасты қалпына келтіруге қадам жасады

Вашингтон Эр-Риядпен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге ниетті. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Сауд Арабиясына жасаған сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел арасындағы қатынас журналист Жамал Хашоггидің өлімінен кейін суып кеткен еді. Бірақ кездесуде тараптар түрлі мәселені талқылап, 18 құжатқа қол қойды. Талқыланған түйткілдердің ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Иранның ядролық бағдарламасы, Йемендегі ахуал және тағы басқа мәселелер бар. Джо Байден сайлауалды науқаны барысында Хашоггидің өліміне қатысты Сауд Арабиясын оқшаулап, қысым көрсетуге уәде берген еді.