Шри-Ланкада жаңа президент сайланады

Шри-Ланкада жаңа президент сайланады

Шри-Ланка парламенті жаңа президентті сайлауға жиналды. Депутаттар мемлекет басшысын бір апта ішінде таңдауға ниетті.

Билеуші партия елден қашып кеткен экс-президент орынына Премьер-министр Ранил Викра-Масингхені ұсынып отыр. Бірақ халық оған қарсы. Өткен жексенбіде шерушілер оның жеке саяжайын өртеп, резиденциясын басып алған. Ал оппозиция Саджит Премадасаны ұсынып отыр. Шри-Ланкада пандемиядан кейін елді экономикалық дағдарыс жайлап, азық-түлік пен жанармай тапшылығы пайда болды. Салдарынан мамыр айынан бері жаппай наразылық шерулері басталып, шілденің 9-ында ашынған халық президент резиденциясына басып кіріп, оны биліктен кетірген.

- Қазір үш үміткердің ішінен ең лайықты адамды таңдай алсақ жақсы. Егер олар тек лауазым үшін күресіп жатса жағдай одан әрі нашарлайды. Біз ешқашан алға жылжи алмаймыз. Әйтпесе баяғыда-ақ Сингапур сияқты гүлденіп кетер едік.