Араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің саммиті басталды

Сауд Арабиясының Джидда қаласында Парсы шығанағындағы Араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің саммиті басталды.

Кездесуге Мысыр, Иордания, Ирак лидерлерімен бірге АҚШ президенті Джо Байден қатысып жатыр. Басқосуда қарастырылып жатқан басты мәселенің бірі энергетикалық қауіпсіздік. Иранның ядролық бағдарламасы көтеріліп, Эр-Рияд Тегеранды аймақ елдерімен ынтымақтасуға шақырды. Бұдан бөлек Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де талқыланды. Сауд Арабиясы бұл басқосу Араб елдері мен АҚШ арасындағы жаңа стратегиялық әріптестіктің бастауы болады деген үміт білдірді.