Қапқаз тауларындағы мұздықтар тез еріп, жоғалып барады

Ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Кейінгі 20 жылда шыңдардағы мұз айдындарының 320 шаршы шақырым жері еріп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 жыл бұрын үлкен аумақты алып жатқан Гер-ге-ти мұздығы мүлдем азайып қалған. Ғалымдар мәселе климаттың өзгеруімен байланысты екенін айтып, шұғыл шаралар қабылданбаса кеш болатынын ескертеді. Өйткені Қапқаз тауларындағы жағдай - мұздықтар 100 емес оншақты жылдың ішінде еріп кететінін көрсетіп отыр. Бұл өзендерді толтырып, халықты таза сумен қамтамасыз етіп отырған тіршілік көзінің таусылып, апатқа әкеледі - дейді мамандар.