Тбилисиде Әзербайжан мен Армения келіссөз жүргізді

2020 жылы Таулы Карабахта болған әскери қақтығыстан кейін бұл қос ел арасындағы алғашқы келіссөз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар қарым-қатынасты тұрақтандыру мен екі жаққа жүктелген міндеттерді орындаудағы қадамдарды талқылады. Армения сыртқы істер министрі гуманитарлық мәселемен қатар тұтқынға түскен армян сарбаздарын босату мен із-түзсіз жоғалғандар тағдырын анықтаудың маңызына тоқталды. Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі сенбі күні Армения тарабы шекарада атыс ұйымдастырғанын мәлімдеген. Әзербайжан қарымта жауап ретінде оқ атты. Зардап шеккендер жоқ. Диалог жүргізуге қос елдің президенттері мамыр айында келіскен еді. Оған Еуроодақтың да ықпалы тиді.