Испанияда ыстық салдарынан 360 адам көз жұмды

Испанияда ыстық салдарынан 360 адам көз жұмды

Бір аптаға ұласқан аптап ыстық салдарынан Испанияда 360 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәліметті Карлос үшіншінің денсаулық институты жариялады. Қазір Испанияда сынап бағанасы 46 градусқа дейін жеткен. Шыжыған ыстықта өрт сөндірушілер ормандағы қызыл жалынмен күресіп әлек. Аль-хаурин эль Гранде аумағындағы алапат өрт жергілікті халыққа қатер төндіріп, мыңдаған адам эвакуацияланды. Малага аймағындағы орманды да қызыл жалын шарпыған. Португалиямен шектесетін Эстре-мадура өңірі де отқа оранды. Мұндағы тілсіз жаумен күреске Испания әскері тартылды.