Түркияның жылдық инфляция деңгейі 80%-ке жетті

Бұл – соңғы 24 жылдағы антирекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркияда ет пен жеміс өте қымбат. Азық-түлік пен көлік тасымалының қымбаттауы жығылғанға жұдырық болып тағы тиді. Арзан азық іздеген тұрғындар ірі дүкеннің орнына, базар жағалап кетті. Өйткені қажетті тауардың бағасы апта сайын құбылады. Әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың 70 проценті ет пен жеміс қолжетімсіз тауарға айналғанын айтады.

Мұрат, саудагер:

Баға қымбаттағандықтан, сауда айналымы азайды. Айналым азайған кезде біздің шығындарымыз көбейеді. Мәселен, жанар май бағасы өскендіктен, тауардың да бағасы қымбаттайтыны белгілі. Ал адамдардың оны алуға ақшасы жетпейді. Сондықтан бұрынғыдай сауда-базар жоқ. Біз де не істерімізді білмейміз.