Италия экономикасы тығырыққа тірелді

Бұл жөнінде сенбі күні елдің өндірістік қауымдастығы жариялаған баяндамада айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс пен Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстар, ел экономикасының болашағын бұлыңғыр етті.

Атап айтқанда, отын энергиясының тапшылығы, азық-түліктің қымбаттауы, кірісінен гөрі шығысы мол корпоративтік шығындар, тұтынушылық қабілеттің төмендігі сынды бірқатар фактор экономиканың тиімді даму сценарийін құруға мүмкіндік бермей тұр. Соңғы бір айда инфляция 8 процентке жоғарылаған. Мұндай жағдай соңғы рет 1985 жылы болған еді. Долларға қарағанда құны арзандаған еуро экспортқа оң әсерін тигізгенімен, импорттық тауар құны қымбаттайды. Сондай-ақ баяндамада Еуроодақтың экономикалық өсімі келер айдан бастап тежелетіні келтірілген.