Ресейде тікұшақ құлап, үш адам мерт болды

Ресейде тікұшақ құлап, үш адам мерт болды
ТАСС

Ресейдің Камчатка аралында Robinson тікұшағы құлады, аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды. Осыған дейін шұғыл қызмет өкілдері тікұшақ бортындағылардың барлығы қаза тапқанын, ұшқыш пен екі жолаушының денелері оқиға орнынан табылғанын мәлімдеген болатын. «Жоғалып кеткен тікұшақты сол бағытпен ұшқан өзге тікұшақ 17 шілде күні Семячкова шатқалынан Узон вулканынан 13 км жерден көрді. Экипаждың барлығы мерт болған», – деп хабарлады ТЖМ. Министрлік өкілдері іздеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар 1,5 мың км қашықтықты барлап шықты. Коммерциялық мақсаттағы Robinson тікұшағы сенбі күні Мильково ауылынан Узон вулканы арқылы гейзерлер алқабына ұшып бара жатқанда жоғалып кеткен. Тікұшақты жексенбі күні құлаған жерінен, яғни Үлкен Семячик вулкан алқабынан тапты. Тікұшақ алдымен құлап, содан соң өртенген.