Шри-Ланкада қайтадан төтенше жағдай жарияланды

Шри-Ланкада қайтадан төтенше жағдай жарияланды

Шри-Ланкада тағы да төтенше жағдай жарияланды. Көктемнен бері мұндай режим осымен бірнеше рет енгізіліп отыр.

Билік бұл қоғамдық қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім екенін айтады. Елде біраздан бері ереуілдер басылмай тұр. Жұрт азық-түлік бағасының өсуі мен жанармай тапшылығына байланысты наразылық акцияларын өткізіп, жаппай тәртіпсіздіктер орнады. Жуырда ашуға булыққан топ президент резиденциясын басып алған. Осыдан кейін мемлекет басшысы отставкаға кетті. Ертең президенттікке үміткерлер ұсынылуы тиіс. Содан соң парламент дауыс беру арқылы жаңа басшыны сайлайды.