loader

Испанияда тұрғындар жасыл энергияға жүгіне бастады

Испанияда тұрғындар жасыл энергияға жүгіне бастады

Испания билігі күн энергиясын өндіруді және тұтынуды екі есе арттыруды жоспарлап отыр. 2030 жылы мемлекет күн көзінен алынған қуат көлемін 30 гигаваттқа дейін жеткізбекші. Елдегі тариф бағасы артқаннан бері тұрғындар жасыл энергияға жүгіне бастады.

Шілденің шіліңгір ыстығында Испаниядағы ауа температурасы көлеңкенің өзінде 42 градусты көрсетіп тұр, сынап бағанасы күн көзінде 47-ге жетті. Мұндай аптап ыстықты өз игілігімізге жаратуымыз керек, дейді Камбрильс қаласының тұрғыны Паскаль. Ол 162 шаршы метрлік үйінің төбесіне 14 күн шатырын орналастырып алғаннан бері тұрмыста тұтынатын техникаға жұмсалатын энергияны өзі өндіріп келеді әрі телефондағы бағдарлама арқылы бәрі өзін біліп, басқарып отырады.

Паскаль, Камбрильс қаласының тұрғыны:

- Күн шатыры мен өнімді жинақтайтын желіге 9 мың еуродан астам инвестиция салдым. Қуат өндіретін бұл құрылғының көмегімен жылына 5 мегаватт энергия алуды жоспарлаймын. Салған инвестициям 4-5 жылда өзін ақтап шығады. Испанияда күн көзі молынан түседі, сондықтан айына алпыс, жылына 800 еуро қаржы үнемдеуге болады.

Паскальдің айтуынша, мемлекет күн әлеуетін толық пайдаланбай отыр және елде тұрғындарды ынталандыру Германия сияқты жолға қойылмаған. Мысалы, елде жасыл тариф жүйесі әлі де нашар қызмет етеді. Мысалы, Паскаль өзі өндірген артық энергияны мемлекетке сатуға қауқары бар, алайда жергілікті билік жасыл энергияны сатып алуға асығар емес.

Паскаль, Камбрильс қаласының тұрғыны:

- Мен жылына мемлекетке 2 мегаватт қуат көзін сатуға мүмкіндігім бар. Қазір елдегі тариф бағасының қымбаттығын ескерсек, жергілікті билік менімен келісім-шартты өздері ұсынуы керек еді. Бірақ билік асығар емес, байқасаңыз мына отыз мың тұрғыны бар қалада күн шатырын орналастырған адам саны өте аз.

Кәсіпкер сөзінің жаны бар, Испанияда электр қуатынының бағасы қатты шарықтап, осы айда тарихи рекордты жаңартты. Осылайша электр энергиясының құны мегаватт сағатына 700 еуроға дейін жетті.

Ресми мәлімет бойынша электр энергиясының орташа құны өткен жылмен салыстырғанда 212 процентке қымбаттаған. 

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач

Сондай-ақ...