Гана мемлекетінде марбург вирусын жұқтыру дерегі тіркелді

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауру белгілері Эбола вирусына ұқсас, науқастың денесі қалтырап, іші өтіп, жүрегі айниды. Дерттің емі әлі табылған жоқ. Тест тапсырғаннан кейін науқастар қайтыс болды. Олармен қатынаста болған адамдар карантинге жабылды. Ауру жарқанаттардан және науқас адамдардан жұғады. Марбург вирусы Батыс Африкада екінші рет анықталып отыр. Алғаш рет дерт былтыр Гвинеяда тіркелген болатын.